Бір күніңнен қызығырақ бір күнің – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бір күніңнен қызығырақ бір күнің» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 889
Бір күніңнен қызығырақ бір күнің,
жаралғалы жұмақ еді тірлігің.
Қыл көпірден қапелімде тап болған,
құтқарады қай құдірет, кім бүгін?
Бірімін деп жүруші едім ұлдының,
қапелімде жұлынымды жұлды кім,—
Қайдағы бір жат егестің үстінде,
қалай ғана қателестің, құлдығым?!
Көкірегімді көміп салып ақ қырау,
күннен-күнге өрши түсіп жатты дау.
Жамандықты жалғандықтан айырмай,
бәрін-бәрін аңғалдықтан таптың-ау!
Жазылмастай жүректегі дерт енді,
ішім түгел күйіп-жанды, өртенді,
Жұрт алдында жаси бердім, жарығым,
қиналғаннан қаси бердім желкемді,
Алдына да барып Олжас, Мұхтардың,
қыл тұзақтан келді-ау сені құтқарғым.
Қапелімде қателескен балғынның
қапастағы қасіретін ұққан кім?!
Барлығын да біледі ғой былтырғы ел,
қаламдасқа қол созғанын кім тілдер —
Сөз өтпеді, безектеді, қайтейін,
ұлтым дейтін,
жұртым дейтін шіркіндер!
Халімді елеп қайта қойсын ел менің,
жаны бөлек өлмейді екен,—
өлмедім!
Тозаққа да түсіп көргің келді ме,
жаралғалы жұмақ еді көргенің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір күніңнен қызығырақ бір күнің өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бір күніңнен қызығырақ бір күнің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір күніңнен қызығырақ бір күнің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір күніңнен қызығырақ бір күнің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері