Бұла қыз – Мерей Қартов

Бұл бетте «Бұла қыз» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 634
Қайран тағдыр!..
Қазбауыр
Бұлттар көшті кіл абыз.
Жанарымда - жазғы ауыл.
Жан-дүниемде - бұла қыз!..

Қошы да ерен түсімнің!
Көңілімде гүл бүрлеп!..
Сүйгеніме ұшырдым
Сөз құстарын бір-бірлеп.

Жұлдыздарды самсаған,
Ой-санама түнеттім.
Айлы мұңды аңсаған
Адасқақтау жүрекпін.

Арманшылмын.
Ал, енді...
Жаңбыр әні жадымда.
Аспан сүйіп төбемді,
Дәт те жудым сағымға.

Мен солайша аңғардым,
Келе жатыр күнә-күз.
Ғашық болып нем бар-ды,
Жындандырды-ау бұла қыз!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұла қыз өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Бұла қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұла қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұла қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері