Тегiстелiп аңғарлар да, жолдар да
Бұл бетте «Тегiстелiп аңғарлар да, жолдар да» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тегiстелiп аңғарлар да, жолдар да
аппақ қарлар түскен кезде жондарға,
аппақ қардан аппақ шәлi жамылған
дайындалам бару үшiн орманға.
Дайындалам кеудемде бiр нұр тұнып,
жүрегiм де соғар менiң ұмтылып.
Дайындалам орманға мен,
дегенмен
жоқ бiрақ та мылтығым.
Алмаймын мен қара мылтық, оқтар да,
аңның қаны төгiлмесiн ақ қарға.
Дайындалам орманға мен,
бiрақ та
алмаймын мен тұзақтар да, қақпан да.
Орман тұрса күтiп менi томсарып,
кетем соған аппақ қарға жол салып, –
түсiрем деп, аң бiткендi суретке,
қайтамын деп, құстарына жем салып!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі