Мен де тұрам – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Мен де тұрам» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 683
Мен де тұрам
сен тұратын қалаңда,
жолығамын жақсыға да,
жаманға,
басып кеткен жоқпын ба деп ізіңді,
ауық-ауық қарап қоям табанға.
Баратын жер,
басар тау да жоқ басқа,
мен де отырам
сен отырған көк тасқа,
әңгіменің тыңдамаймын ақырын,
қаншама рет "қарағым-ай!" деп баста.
Мен де жүрем сен жүретін көшеңде,
естіге де кезігемін,
есерге,
табанымды тұрам ұзақ сүрткілеп,
...етігімді шешерде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен де тұрам өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Мен де тұрам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен де тұрам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен де тұрам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері