Таптық біздер
- 0
- 0
Бірімізді-біріміз білмесек те,
Батыл кірдің үйіме бір кезекте.
Құлай тыңдап сөзіңді мен де бірден,
Тарта бердің өзіңе ер көңілмен.
Бұл бетте «Қыз сиқыры» атты Nurbek9523 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бірімізді-біріміз білмесек те,
Батыл кірдің үйіме бір кезекте.
Құлай тыңдап сөзіңді мен де бірден,
Тарта бердің өзіңе ер көңілмен.
Елестейді сенің бейнең жұмбақты,
Арасынан түнгі жанған оттардың.
Саябырлап қала жолы ырғақты,
Жаныма жай бір рахат боп қалдың.
Тыңдаймысың, жүрегім,
Жиі-жиі соқпашы.
Ырғағыңды үнемі,
Бір қалыпты сақташы.
Күмістен кірпігің,
Қыс көркі, – өткен күн.
Өңің тұр құлпырып –
Белгісі көктемнің.
Ақбота
Керемет өлең !
Нуршат
Ия керемет олен!
кулай
Талабына нур жаусын иним!