Нәзік ән

Бұл бетте «Нәзік ән» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 911
Қан тамырдай тұла бойға таралған,
Ән-күйден ел сусындаған, нәр алған.
Үмітіңді жалғайтын ақ таңдарға,
Өнер күшін бағаламас жан бар ма,
Сезінгенге:
Ән – құдірет!
Ән – арман!
Домбыраңды күйге келтір, жарығым,
Домбырасыз
Жетімсірер жарым үн...
Бар жүрекке
Дауа болып тара да,
Бар жүректі
Шуақ болып арала,
Көңіліңнің түсіріп бір жарығын.
Есіме сап
Махаббаттың пәк түнін,
Дегендей ме:
«Қайда сол бір шат күнің?»
Сан үмітке жанарымды талдыра,
Өксіп барып
Талықсиды домбыра...
Қоңыр үні төгеді кеп тәтті мұң.
Ештеңені пайымдатпай
Дұрыс түк,
Жанарыма
Ауната ма күміс шық?!
Жаза ма, әлде,
Кеудемдегі жараны,
Әлдеқайда мені әкетіп барады,
Сиқырлы саз
Жүрегіме тым ыстық!..
Келесі сәт
Күн кірпігін ашқандай,
Кеудемдегі
Түн түріліп қашқандай,
Өзгеше әуен
Мұң-желегін ысырып,
Нәзік әнді жүрегіммен түсініп,
Отырмын мен
Уайым жоқ ешқандай!
Киелі өнер
Болғаннан соң тағдырың,
Солдырмадың
Сезім гүлін,
Жан гүлін.
Ойлайтыны
Жора-жолдас,
Ел қамы,
Қандай жақсы өзіңдей жан болғаны
Жүрегімен қабылдайтын барлығын!
Азаматсың
Ел сенімін көтерер,
Жақсылығың
Жақсылықпен өтелер,
Ән аңсаған,
Күй аңсаған жандарға
(Ән мен күйсіз бұл тірлікте мән бар ма?)
Шөл қандырар жаңбыр - ән боп жете гөр!
Дүние шалқып
Шат-шадыман жатсын кіл,
Жақсы үмітпен ұясына батсын Күн.
Елді – саған, ал, өзіңді, жарығым,
Жеткізсін деп
Жүрек үнін, жан үнін,
Киелі ән мен домбыраңа тапсырдым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нәзік ән өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Нәзік ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нәзік ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нәзік ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері