Сырдария

Бұл бетте «Сырдария» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1047
Сәлем бердім,
Сұлу Сыр,
Ізетпенен,
Сағынышымның
Моншағын тізбектеген.
Жыл құсындай
Жыл сайын қайта оралып,
Жыр маржанын
Өзіңнен іздеп келем.
Ұнайтындай өзіңе – еркелігім,
Толқындарың
Сырлы саз шертеді мың.
Туған жердің
Қарсы алып арай таңын,
Келіп тұрмын жағаңа ерте бүгін.
Арман қуып,
Тәтті ойдың жетегімен,
Бала болып
Бір сәтке кетемін мен.
Андағайлап
Жан-жақтан жармасады,
Тентек желің
Жұлқылап етегімнен.
Санамашы
Мені енді жатқа бүгін,
Саған деген
Қылаусыз ақ көңілім.
Толқыныңмен
Алысып өскен ем ғой,
Бұрымымды тарқатып ақ көбігің.
Ойхой, шіркін!
Бір аунап құмдағыңа
Еніп кетсем бір сәтке жыр-бағына.
Қайта оралса
Бал татқан балалық шақ
Кейін қарай шегініп жылдар мына...
Бұл өмірден
Демеймін кенже қалғам,
Таусылар ма, сірә да, мендегі арман?
Аңсап келдім,
Сұлу Сыр,
Құшағыңды аш,
Балалықтың базарын сенде қалған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сырдария өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Сырдария өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сырдария өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сырдария өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері