Толқындар

Бұл бетте «Толқындар» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 694
Өмір дегенің – ұлы айдын,
Жетелеп толқын
Толқынды әр,
Сіміріп нұрын
Күн, Айдың,
Айдынға құяр толқындар.
Енерсің сен де өмірге,
Екпінімен сол ағыстың.
Бір желік түсіп көңілге,
Ішіне түсіп жарыстың.
Қалмайды ешкім бейтарап,
Ағынға түсер бар адам.
Сын сағат барын байқап ап,
Үмітпен алға қараған...
Озу бар,
Кейде қалу бар,
Секілді – бәйге алаңы.
Жұмсалып оқсыз қарулар,
Жаныңды қылар жаралы.
Ащы да болса
Бұл – шындық,
Ежелден бізге таныс тым.
Әкетті кейде күншілдік,
Арнасын бұрып ағыстың.
Зұлымдық салып шеңгелін,
Айналса тұнық лайға.
Қайғысы батып өңгенің
Қансырап жаның жылай ма?!
Толқынды көріп таза аққан,
Арылып сосын лайдан.
Арайын шашып ғажап таң,
Жүрегің шаттық құрай ма ән?!
Ұлы айдын – күрес сұрапыл,
Жетпейді оған толқын бар.
Тартылмай жету мұратың,
Алдыңда озбыр жал құмдар...
Үмітпен жүзін бұратын,
Өзіңе дәйім халқың бар.
Айдынға құлаш ұратын
Толқындар,
Алға тартыңдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Толқындар өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Толқындар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Толқындар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Толқындар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері