Жеңіс

Бұл бетте «Жеңіс» атты Қатира Жәленова жазған соғыс туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2828
Жеңіс! Жеңіс!
Қалалардың үстімен отқа оранған,
Далалардың үстімен отқа оранған
Ұштың сен
Қанатыңды жалын шарпып,
Жатқанда әлем ішіне қанын тартып.
Тұрды алдыңда қаншама тосқауылдар,
Қанша төкті қаһарын отты ауыздар?!
Төтеп бердің бәріне,
Қайран, жеңіс,
Өзің жайлы қаншама жетті аңыздар?!
Әнін, сәнін қайтарып көк орманның
Қандай ғажап
Шаттық боп оралғаның.
Дүйім елдің шыдаммен ұзақ күткен,
Алақанға қондырдың ақ арманын.
Кешіп өтіп өмірдің өткелін мың,
Жетті бізге айбынды, өктем үнің.
Бейбіт күннің
Бал дәмін татып тұрып,
Қуаныштан көз жасын төкпеді кім?..
Жеңіс! Жеңіс!
Сен келгелі тірліктің жаңарды әні,
Бауырласып әр ұлттың адамдары,
Қан майданда біріккен ұлы достық
Бір мақсатпен бастады қадамдарын.
Сен келгелі көтеріп иықты нық,
Астық үйдік қамбаға биік қылып.
Тосты бізге
Жер-Ана ризығын бар
Алпыс екі тамыры иіп тұрып.
Өз қолымен орнатып пейіш мекен,
Өркен жайған елімде өріс те кең.
Бейнеткеш ел тынымсыз тер төгуде,
Мен де солай ісімді жемісті етем.
Сен келгелі атады жадырап таң,
Нұр-шуағын аямай жамыратқан.
Мың сан ұлтты,
Іргелі елміз, міне,
Күллі әлемге бүгінде қадірі артқан.
Бейбіт күннің есігін ашқалы біз,
Мамыражай, тұп-тұнық аспанымыз.
Болашағын қорғайтын Ұлы Отанның
Келеді өсіп жасампаз жастарымыз.
Тыныштығын орнатқан жер үстінің,
Жеңіс күні аяулы, ең ыстық үн.
Біздің мақсат ертеңге алып бару,
Желбіретіп қолдағы
Жеңіс туын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңіс өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Жеңіс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеңіс өлеңі не туралы?

Бұл шығарма соғыс туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жеңіс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері