Мен шопанды сүйемін күн қақтаған – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Мен шопанды сүйемін күн қақтаған» атты Тәкен Әлімқұлов жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 968
Мен шопанды сүйемін күн қақтаған,
Айдалада адамға тіл қатпаған.
Көбік шашқан шампаның тең келместей,
Мас боласың бір зерең ащы ақтадан.
Боласың мас бір зерең ащы ақтадан,
Шайнамаға құрты бар күн қақтаған.
Аунап-қунап жатуға шаңырады,
Раңды өзек табиғат сырмақтаған.
Раңды өзек табиғат сырмақтаған,
Түлеп талай, ұрпаққа сыр сақтаған.
Сайып келсек, саяды табиғатқа,
Өмір бойғы тірлігің тырнақтаған.
Өмір бойғы тірлігің тырнақтаған,
Байыз таппас бейне адам сырғақтаған.
Асфаһани кілемнің керегі не,
Қойшы үйінен төселсе сырмақ саған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен шопанды сүйемін күн қақтаған өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Мен шопанды сүйемін күн қақтаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен шопанды сүйемін күн қақтаған өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мен шопанды сүйемін күн қақтаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері