Бұл бетте «Мойындау» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
29.06.2022
0
0
1250
Құдайға шүкір
Жат жерге
Көшет боп
Егілгем жоқ.
Өз арбамды өзім
Сүйреп келем.
Басқа бір арбаға
Жегілгем жоқ.
Көрдім мен
Өмірдің
Қиырын да,
Қиынын да.
Әйтеуір
Әлі де —
Өз арбамды өзім
Сүйреп келем.
Иық күс,
Мойын жауыр.
Лағнет атқыр
Осы бір өмір
Неткен күрделі,
Неткен ауыр!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі