Бұл бетте «Есалаң өлең» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген.
...Сонадай жерде
Күркілдеп бара жатқан
Нән бір тракторды
Құтырған ит келіп
Бір қауып өткені.
Сол кезде
Байғұс трактор
Басына ие бола алмай
Дарылдап, парылдап
Жынданып кеткені...
Апыр-ай,
Құдайдың атқаны-ай:
Үп еткен желі жоқ
Тып-тыныш күні
Әне бір қос ағаштың
Бір-бірінің
Шашын жұлып,
Бір-бірін
Сабалап жатқаны-ай...
Көріп тұрмын
Бір сұр тышқан
Бүкіл әлемге
Көктөбенің үстіндегі
Алып мұнараға
Шығып қарады...
Кран біткендер
Шәңгектерімен
Іліп ап
Лақтырғысы кеп
Бір-бірін
Қуып барады...
Қаладан безініп
Далаға шығып ем,
Үйір- үйір жылқыларды
Шашау шығармай
Ақырып жинаған
Есек бастап тұр...
Төбе басында
Семіз бір шошқа
Кесек- кесек
Алтын асап,
Күмістен
Тезек тастап тұр...
Есалаң әлем бұл —
Есалаң өлең бұл...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі