Жүрегімде – бақ жұлдызы

Бұл бетте «Жүрегімде – бақ жұлдызы» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 663
«Жиһазы мол жасауын жиып-теріп,
Тас бауыры тағдырдың иіп келіп.
Біреулерге қимаған қазынасын
Біреулерге береді үйіп-төгіп.
Байлығы да,
Абырой-атағы да
Кетіпті асып,
Қарасам қатарыма»,–
Деп күйініп
Кейбіреу өз-өзінен
Шатылып жүр күншілдік шатағына.
Ал, өзім ше?
Бақыттан кенде ме едім,
Өзгелерден демеймін кем келемін.
Өз бақытым жетеді бір басыма,
Шаруам не
Басқа бақ, елде менің?
Кереметпін демеймін,
Дарынды едім,
Бағаласа болғаны барымды елім.
Жан азығым
Табылып жақұт жырдан
Жай табамын...
Осы ғой бағым менің.
Нәрлі болса неғұрлым,
Өнбек егін,
Бабын жасап
Мәпелеп келген едім,
Сезім сөлін сіңіріп тамыр жайған
Жемісін мол береді енді өлеңім.
Осы емес пе
Бағымның өрлегені?!
Осы емес пе
Мен үшін ең керегі?!
Бар жүрекке
Асығам жол салуға,
Еңбегімнің жемісін ел көреді.
Жасамадым зиянды іс
Жаным кірлеп,
Жақсылықтың жанынан
Табылдым көп.
Жүрегімде –
Өзімнің бақ жұлдызым,
Басқалардың қайтемін бағын күндеп.
Бақ жұлдызы адамның туылсын көп,
Сән-салтанат жерімде құрылсын бек.
Бұл тағдырдан тілеймін:
– Кімнің болсын
Өз бақыты өзіне бұйырсын! – деп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегімде – бақ жұлдызы өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Жүрегімде – бақ жұлдызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегімде – бақ жұлдызы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегімде – бақ жұлдызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері