Дәрігерлер

Бұл бетте «Дәрігерлер» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 736
Жер тозады,
Мүжіліп тау да шөгер,
Жанармайын тауысып
Шам да сөнер.
Қайтер едік,
Біз үшін
Сұм ажалмен
Айқасатын дәрігер болмаса егер?!
Жалған өмір
Шынымен жалған екен,
Қажет болмай
Ауырсаң жанға бөтен,
Ештеңе де...
Тек, жаның,
Шыбын жаның
О, дүние-ай, өзіңе арман екен!
Қан тамырың
Тоқтаусыз таза аққанда,
Құмартқанға не жетсін ғажап таңға.
Ең абзалы осы ғой,
Өмір сүру...
Кесел тауып басыңа азаптанба!
Жан қысылса (о, несін жасырамыз)
Жан ұшырып
Алдыңа бас ұрамыз!
Арашалап қалардай,
Дәрігерден
Бір шарапат күтеміз асыға біз.
Қайыруға
Дерт бетін ерте кері,
Дәрі-дәрмек,
Иненің зор көмегі.
Қажет бәрі,
Дегенмен, сырқат үшін
Басқа дәру, әсілі, ең керегі...
Жұмыс қанша!
Асады бастан әлі...
Табылар ма
Ем-домның басқа амалы?!
Ең бастысы сырқатқа –
Жылы қабақ,
Жылы сөз ғой.
Түк емес басқалары!
Жұмсалады ізгі іске
Бар күш, санаң,
Қайта оралып өмірге
Таң құшса адам,
Тіршілігін
Жалғаған жанын салып,
Ақ халатты дәрігер,
Алғыс саған!
Жақсылыққа
Қашаннан жерік еңдер,
Бар адамға
Шипа бер, дәру-ем бер!
Бізге саулық тілеген
Өздерің де
Аман-сау боп жүріңдер,
Дәрігерлер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәрігерлер өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Дәрігерлер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дәрігерлер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дәрігерлер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері