Махаббат заңы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Махаббат заңы» атты Абдрахман Асылбек жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3105
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Махаббат заңы,
Махаббат таңы,
Махаббат әнін
Жырлайды елдің бәрі.
Қарадым мен де,
Қарадың сен де,
Жанарың демде
Айналды алау демге.
Арманым бір өзің деп ынтық сезіммен,
Созбады қаншама жан қолын саған?
Кезіктім ойда жоқта сылқым өзіңмен,
Тоғысып сол бір сәтте жолым саған.
Жүрегім жалын,
Жүдеді халім,
Біл емін, жаным,
Түсірдің көп азапқа.
Не керек бұл күн?
Көбелек құрбым,
Ебелек ғұрпың
Айналмасын мазаққа.
Қасымнан өте бердің бұрмай басыңды,
Көңілім су сепкендей тез басылды.
Ыстық қан жүрегімде тулай тасынды,
Төгуге аз-ақ қалып көз жасымды.

Қайырмасы:
Өзіңді көргенімде, сезімді тербедің де,
Керемет құлай сүйіп, сенбедім бе?
Жарқ еткен сол сезімнің жалп етіп сөнгені ме?
Махаббат деген ұғым өлгені ме?

Дүние зырылдап дөңгелене береді,
Әсем ән ғашықтарды тербейді.
Өмірде бәрі де кезегімен келеді,
Махаббат – мәңгі жастық, өлмейді.
Есілдің, жаным,
Кешірдің бәрін,
Өсірдің, жаным,
Мәртебемді жоғары.
Шалқытқан әнді,
Балқытқан тәнді,
Өзіңдей жанды
Мен көргенім жоқ әлі.
Кәнеки, махаббат жырларын жырлайық,
Лүпілін жүректердің тыңдайық.
Аңсаған арманға жеткенше тынбайық,
Тынбайық, басқаға көңіл бұрмайық.

Қайырмасы.

Махаббат заңы,
Махаббат таңы,
Махаббат әнін
Жырлайды елдің бәрі.
Қарадым мен де,
Қарадың сен де,
Жанарың демде
Айналды алау демге.
Арманым бір өзің деп ынтық сезіммен,
Созбады қаншама жан қолын саған?
Кезіктім ойда жоқта сылқым өзіңмен,
Тоғысып сол бір сәтте жолым саған.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат заңы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Махаббат заңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат заңы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат заңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері