Кілем

Бұл бетте «Кілем» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1045
Өрнекті, түгел түкті, асыл кілем —
Ақ сары, көк пен қызыл-жасыл кiлeң.
Мен де оның бipey құрлым мың заманғы
Ақшадан қымбатырақ бәсін білем.
Зәуде бұл ұлы тұлға босағасын
Қастерлеп қасиетті қол жасағасын,
Қақ төрде табан талғaп, құптаған ғой
Елбасын, қолбасы мен қос ағасын.
Тақалы табан оның баспай түгін,
Етігін ерлер төмен тастайтұғын.
Әжем де әсемдігін сылап-сипап
Отырып сөзін сосын бастайтұғын.
Бұл күнде бас өзгеше болғасын да
Тақалы табан затты талғасын ба, —
Қыздырып басқандай-ақ сезінем мен
Бip салар бізге қарғыс таңбасын да.
Зинақор маскүнемді жетектейді,
Кілемге малғұндар не төкпейді...
...Кілем де дастарқандай қасиетті,
Қарызсыз ол да парыз өтетпейді.
Ciз бен біз жаралмадық кір елінен,
Сондықтан сорақыға күле білем.
Меніңше, танып-біліп, бағалау шарт
Киесін отбасының кілемінен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кілем өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Кілем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кілем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кілем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері