Жеңіс жыры – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Жеңіс жыры» атты Хамит Ерғалиев жазған соғыс туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1961
Күндегіше бейғам торғай шырылдап,
Бал арасы алуан гүлден шырын ап,
Шекарада біздің таңғы күзетті
Көзбен көpiп, бip өтпеді, жүз өттi.
Taнкіміз де, зеңбірек те тіркелген
Ол сағатта жасыл мия бүркенген.
Күзетте еді. Солдат казармадағы
Әлі жым-жырт...
Әлі ұйқыда о дағы.
...Ойда жоқта: бола қалды у да шу,
Ылайланды аспанда бұлт, сайда су.
Шыға келсек,
қайың басы,
тал басы
Фашизмнің қара құзғын, қарғасы.
Сол сағат қой дене мұздап, қызғаны,
Бүкіл Отан ic жоспарын бұзғаны.
Қайда көрсек, қызыл-күрең бөpттi алап,
Әpбip үйдi ұзын тілмен өрт жалап.
Сол сағатта-ақ жараланған жер үcтi,
Бізден ғaнa үміт eттi жеңісті.
Әркім бізде жұдырықтай жүректі
Адам мәңгі айта қалар жыр eттi.
Бiз өмірдi неше сүйдік, тоймадық,
Ал ажалдан қорықпадық, таймадық.
Төрт жыл мұз, тас кеудемізді қарыды,
Төрт жыл оғы денемізге дарыды.
Барлық туыс бipгe көрдік жәбір де,
Өлгеніміз құшақтасты қабірде.
Қалғанымыз түгел кipiп атысқа,
Шыққан күнмен бipгe бардық Батысқа.
Өлдік те бiз, өлтірдік те ұрыста —
Орман, дала, көшелерде, бұрышта,
Өз қанымыз алып бердің жеңісті,
Жаудың, қанын үрлеп-үрлеп жел iшті.
Астанада — жүрегінде елімнің,
Ұйқыдағы Владимир Лениннің
Бас жағына әкеп қойды жыл гүлді,
Аяғына жаудың туы жығылды.
Ұмытпаймын сондағы бip салютті —
Көкшіл аспан көз алдымда әлі отты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңіс жыры өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Жеңіс жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеңіс жыры өлеңі не туралы?

Бұл шығарма соғыс туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жеңіс жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері