Ғашық болып сүйдім де сезіндірдім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1720
Ғашық болып сүйдім де сезіндірдім,
Көз алдыңда көлбеңдеп бала тұлғам.
Жұбатсаң да, жылатсаң, өзің білгін,
Мен тек қана сен үшін жаратылғам.
Таңдарымда талықсып оянамын,
Келсең келгін, келмесең өзің білгін.
Қасіретіме қатыгез тоя ма мұң,
Сезім суып, тән семіп, көзімді ілдім.
Тағдырымнан жалғыз-ақ сый еді өлең,
Енді одан да адастым, кезім кіл мұң.
Сарқылғанша сағыныш сүйе берем,
Келсең келгін, келмесең өзің білгін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғашық болып сүйдім де сезіндірдім өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Ғашық болып сүйдім де сезіндірдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ғашық болып сүйдім де сезіндірдім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғашық болып сүйдім де сезіндірдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері