Қарақшы мен арбакеш – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қарақшы мен арбакеш» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1637
Жол шетінде бұта ішіне бұғынып,
Олжа күтіп, бір Қарақшы бекінді.
Көкжиекке көз тастайды үңіліп,
Іннен шыққан қарны аш Аю секілді;
Көрінді арба шамасында екінді.
«Оһо! – деді жол торушы, – жүгі мол,
Байқауымша, жәрмеңкелеп барады,
Қалғыма тек, жақсы сорпа болады,
Енді менен құтыла алмас бүгін ол».
Арбакешке: «Тоқтағын!» – деп ақырды,
Қолындағы сойылымен атылды.
Қарсыласы емес-тін тым тақымды,
Алайда, ол тыңдап жатпай ақылды,
Таяғымен қолдағы
Өз заттарын қорғады.
Арпалысты, алысты,
Қарақшы да қарысты.
Бұл жолғы ұрыс қиын соқты өзгеден:
Тісі қирап, шайнап алды тілін де.
Қолы сынып, қоштасты бір көзбенен;
Бірақ, жауыз жеңіп шықты түбінде:
Иманына келтірді,
Арбакешті өлтірді,
Шынылардан басқа сонда не өндірді?
* * *
Қарап тұрсаң, көптен-көп,
Болмашы үшін кісі қанын төккен көп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарақшы мен арбакеш өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қарақшы мен арбакеш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарақшы мен арбакеш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарақшы мен арбакеш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері