Сөгетінің сұлуы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сөгетінің сұлуы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1270
Сөгетіде бір қыз бар,
Қыз емес-ау, жұлдыз бар.
Ауылдың бар жігіті
Сол сұлуға ынтызар.
Айдай әппақ қабағы,
Жанған оттай жанары.
Кеудесінде керілген
Арман таудай анары.
Ауыл түгел мақтайды,
Бойынан мін таппайды.
Жігіт біткен жаутаңдап,
Тілдесуге батпайды.
Дауаламай жүрегі,
Төңіректеп жүреді.
Сол сұлудың керемет
Шешендігін біледі.
Жалын атқан Жұмахан,
Оны мен де ұнатам.
Сол сұлудың күлкісі –
Әр көңілге құба таң.
Айтып әсем ән талай,
Жүре тұрсын қалқам-ай.
Қызды ауылдың қызығы
Тұра тұрсын тарқамай.
Аялаған алақан,
Аяулы бір балақан.
Ұшпай қоймас бір күні
Ұядағы балапан.
Кетпей қоймас кетер қыз,
Сонда біздер не етерміз?
Аққудай сол аруды
Армандаумен өтерміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөгетінің сұлуы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сөгетінің сұлуы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөгетінің сұлуы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөгетінің сұлуы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері