Өрт – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өрт» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2550
Мекемеде шағын бір
Бастық еді Балпаңбай.
Көп қинамай жанын құр,
Жүріп жаты талтаңдай.
Жай кірпіштен қалаған
Кеңсе үйі көне еді.
Салдыруды жаңадан
Керек екен демеді.
Осылайша жүргенде
Өртке оралды мекеме.
Жанып бітті бір демде,
От рақым ете ме?
Соқпады оңай сол таңда
Алпыстағы қартаңға.
Жұрт дегенің жалтаң ба?
Батыл айтты Балпаңға:
«Ескілерді бірқатар
Күл етеді табанда.
Өрттің осы тым қатал
Қасиеті жаман ба?
Ескі жайлар жанғанда,
Жаңалары салынар.
Жасы келіп қалғанда,
Жалқау да отқа шалынар»...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өрт өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өрт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өрт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өрт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері