Шықпасам көп күн ұзаққа

Бұл бетте «Шықпасам көп күн ұзаққа» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1674
Шықпасам көп күн ұзаққа,
Пысады ішім, пысады.
Түсіріп бір кез тұзаққа,
Қысады ұйқы құшағы.
Далаға кетсем бір шығып,
Көтеріп көңіл пәрмені,
Тұрады жаным құлшынып,
Жасамақ болып әр нені.
Көркіне туған өңірдің
Қараудан әсте тоймаймын.
Көру мен жасау – өмірдің
Мәні деп сол кез ойлаймын.
Жарысқан жүйрік толқындай,
Қиялды қиял қуады.
Қимылдай берсе қол тынбай,
Ғажайып істер туады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шықпасам көп күн ұзаққа өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шықпасам көп күн ұзаққа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шықпасам көп күн ұзаққа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шықпасам көп күн ұзаққа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері