Еңлікгүлі – Алмагүл

Бұл бетте «Еңлікгүлі – Алмагүл» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 968
Алмагул Божановаға

Өзгеріске толағай жол ашатын,
Орнағанда тәуелсіз жаңаша күн.
«Нұр Отанға» қосылып нық сеніммен,
Елбасының ұстанған саясатын.
Ат үстінде жүрсе де шаршамаған,
Хабары бар сауатты әр саладан.
Шаруасын жаңғақша шағып тастап,
Шығарады алдынан қаншама адам.
Тәуелсіздік жолында жастанған мұз,
Мұзды ерітер от көрдік жастардан біз.
Осы қыз ғой егемен ел болғанда,
Екі ауданды қосып ап басқарған қыз.
Тыным таппай күні-түн жұмысында,
Жұртты ұйытып ұстаған уысында.
Сүрінбеген, жүрегі бүлінбеген,
Үгілмеген түскенде ірі сынға.
Әйелге тән ибалық-реңінде,
Имандылық ұйыған жүрегінде.
Алуан түрлі қасиет бір өзінде,
Қайраткер бар осындай Сыр елінде.
Ел жүгінің қашанда салмағы мың,
Үлкен үміт жүктейді алдағы күн.
Көп сенімі көтерер көкке дәйім,
Сырда туған қазақтың Алмагүлін!

2006 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еңлікгүлі – Алмагүл өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Еңлікгүлі – Алмагүл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еңлікгүлі – Алмагүл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еңлікгүлі – Алмагүл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері