Ортамызға орал

Бұл бетте «Ортамызға орал» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 742
Тұрсынай Оразбаеваға

Арманың құшақ жайғанда,
Қиялыңмен асып Айдан да...
Ақ бантик таққан балауса,
Күндерің қалды-ау Сайрамда!
Шымқалаң болып баспалдақ,
Жырларың ұшты аспандап.
Саясына алса Алматы,
Мәпелеп жатыр Мәскеу жақ...
Орындалып бір арманың,
Елменен елді жалғадың.
Еңбегің жанып, жан құрбым,
Елеусіз болып қалмадың.
Басыңа түсті ерек сын,
Тамыры терең терексің.
Ресейде өмір сүрсең де,
Өз еліңе сен керексің!
Сағынып тосар елің бар,
Еркелеп келер жөнің бар.
Басатын әлі белің бар,
Шығатын әлі төрің бар.
Абыройың асқақ, дүрсің-ай!
Алаштың жұрты жүр сұрай...
Сағындыра бермей өзіңді,
Ортамызға орал, Тұрсынай!

2012 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ортамызға орал өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Ортамызға орал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ортамызға орал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ортамызға орал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері