Тоғай ертегісі

Бұл бетте «Тоғай ертегісі» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1200
— Жемсау бар ма бұлбұлда? —
Сонау-сонау өтіп кеткен жылдарда
бір қарғадан сұрап жатты бір қарға:
Қара қарға сұрады ала қарғадан,
ала қарға сұрады ұзақ қарғадан.
Бар есуас қанат қақты қарға боп,
Қарға болып қарқылдады бар надан:
— Жемсау бар ма бұлбұлда? —
Сауалға осы жауап іздеп бәр-бәрі,
тоғай кезді, көң-қоқырды шарлады —
таппады ақыр,
қарға шоқып қарғаны,
бірін-бірі қарғасың деп қорлады.
Бірін-бірі қарғасың деп қорлаған,
бірін-бірі жорғасың деп арбаған,
қарға ақылды бола ала ма қарғадан,
қарға қайдан озушы еді қарғадан!
— Жемсау бар ма бұлбұлда?
— Бар! — деп қалды әлдекімнің дауысы,
— Бар! Бар! — десті жаңғырығып тау іші.
Шулап кетті орман, дала: "бар", да "бар",
Бар! Бар! десіп қарқылдасты қарғалар.
Қуаныштан бүйір бүлкіп, ет қызды:
Қара қарға — ұзақтарға жеткізді,
Ұзақ қарға қуантты ала қарғаны,
"бар! "бар!" десіп шуылдасты бәр-бәрі.
Бұлбұлдардың тегі — өнер ғой, ал, осы
қайдан шықты жемсау деген "бөлесі?"
"бар!" "бар!" десіп "бар" да "бар" —
Неге мұнша қуанады қарғалар?
Бұл сұраққа жауап беру жеп-жеңіл,
Осал жері бұлбұлдар мен пенденің:
Жемсау! (Қарын!)
Егер бұлбұл бітеу болса, бір үміт
Үзілер ме еді, қарғалар
Қарқылдауды қояр ма еді түңіліп?!
Ал, жемсау бар.
Онда не тұр? Қатқан іш
Жібімейді — тағдырлар тым жатты алыс.
Бірақ, бірақ, титтей болсын, бұлбұлдың
Қарғаларға ұқсағаны — мақтаныш!
"Бар", "Барр!" дейді қарға біткен
тоғайдағы, түздегі,
"Қар", "Қарр!" болып естіледі бізге бұл.
Кещелер ғой түсінбейтін ым-дымға
Қарға жұрты түсті сөйтіп дырдуға.
Әттең бірақ...
Қарғалардың білмегені-ақ жақсы еді
Жемсау барын бұлбұлда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тоғай ертегісі өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Тоғай ертегісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тоғай ертегісі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тоғай ертегісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері