Білдің бе? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Білдің бе?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1581
Аспанда жұлдызға баладым,
Қиыла жүзіңе қарадым,
Сенен Ай жуық деп санадым,
Білдің бе, қарағым?
Жанды жеп, жауын ап жанардың,
Ерекше сұлу боп жаралдың,
Күн сайын құлпыра тарандың,
Білдің бе, қарағым?
Айдай боп ашыла қабағың,
Сен-дағы қиыла қарадың,
Жаныма жақсы үміт қаладың,
Білдің бе, қарағым?
Жаныңа жақындап бара алдым,
Өптім де, ерніңнен бал алдым,
Өмірлік өшпейтін нәр алдым,
Білдің бе, қарағым?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білдің бе? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Білдің бе? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Білдің бе? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Білдің бе? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері