Сен туралы ойлаймын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сен туралы ойлаймын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2114
Қызарып күн батса да,
Ағарып таң атса да,
Сен туралы ойлаймын.
Бұлбұл сайрап бақшада,
Сылдырап су ақса да,
Сен туралы ойлаймын.
Қыздар күлім қақса да,
Алтын алқа тақса да,
Сен туралы ойлаймын.
Кемпір-шалдар жатас да,
Қақпаларын жапса да,
Сен туралы ойлаймын.
Жұрт ұйқыға батса да,
Жан рахат тапса да,
Сен туралы ойлаймын.
Талай сұлу жақса да,
Жүрегімді пәк сана,
Сен туралы ойлаймын.
Ойлауымды қоймаймын,
Қашан бірге тойлаймын?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен туралы ойлаймын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сен туралы ойлаймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен туралы ойлаймын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен туралы ойлаймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері