Өлімнен құтылмайсың, қашсаңдағы – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Өлімнен құтылмайсың, қашсаңдағы» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 2
  • 17229
Өлімнен құтылмайсың қашсаңдағы,
Атадан арыстан туып ассаң-дағы,
Алладан шыныменен бұйрық келсе,
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.
Жігіттер, ғибадат қыл, маған нансаң,
Намаз оқы, алланы ойыңа алсаң.
Қырық жыл қашқан Қорқыт та өлген дейді,
Түбінде сөз сенікі өлмей қалсаң.
Кəрі өлсе, соққан дауыл тынғандай-ақ,
Жас өлсе бəйтерегің сынғандай-ақ,
Жігіттер, жас кезіңде тəубаға кел,
Ажал деген көзді ашып-жұмғандай-ақ.
Айтайын мен кеңес тыңдасаңыз,
Кеңесімді тыңдаған, мың жасаңыз.
Бұл дүние басы биік бір бәйтерек,
Құлайды бұтағынан шайқасаңыз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Нұртазин Елнұр Нұрашұлы

Жарайсыздар өте пайдалы сайт

асыл

кушти олен

Осы автордың басқа өлеңдері