Алыста сенің тұрағың – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алыста сенің тұрағың» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1198
Алыста сенің тұрағың,
Көрмедем, қалқам, көп айлар.
Жайқалтып жасыл құрағын,
Жапырақ жайды тоғайлар.
Бақшаға барсаң бірауық,
Қадалар, сірә, көп көздер.
Кейінің көңлі шын ауып,
Айтылар, мүмкін, от сөздер.
Табиғат заңы ол да бір,
Қадалса көздер, несі бар?
Сағынған сені сонда бір,
Сәулешім, мені есіңе ал.
Қадалған жанға көз ілмей,
Қадала бермей, қал, деші.
Оқуда жүрген өзіңдей
Аңсаған жарым бар деші.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алыста сенің тұрағың өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алыста сенің тұрағың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алыста сенің тұрағың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алыста сенің тұрағың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері