Көкшетау – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Көкшетау» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көкшетау, мөлдіреген көркің қандай,
Қалықтап аспаныңда ән тұнғандай.
Сексен көл сексен тамшы сыйға тартып,
Айдынын көңілімнің толтырғандай.
Алаңын Абылайдың көрген кезде,
Ойланып, іштерінен ел тынғандай.
Кіргенде Кенесары үңгіріне,
Сескеніп кім болса да тартынғандай.
Оқжетпес кере тартып көкке садақ,
Көктегі ұшқан бұлтқа талпынғандай.
Бурабай тас боп қатқан алып бура,
Бауырында басып жатқан алтын бардай.
Мызғиды Жекебатыр анадайда,
Көтерсе басын жерден жел тұрғандай.
Ішінен қарағайдың шыға келіп,
Найзасы Наурызбайдың жарқылдардай.
Жан­-жақтан қалың батыр күркіресе,
Түсердей төңкеріліп жер-су қалмай.
Көкшетау, қасиетті топырағыңда
Туыпты алыптарды халқым нардай.
Сондықтан күндік жерден сені көрсем,
Басымнан тұра алмаймын бөркімді алмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкшетау өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Көкшетау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкшетау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкшетау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері