Қала көрдім, дала көрдім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қала көрдім, дала көрдім» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1152
Қала көрдім, дала көрдім,
Бұрын жүріп, баспаған.
Сен жадымда қала бердің,
Арманым боп аспаған
Орман көрдім, тоғай көрдім,
Мол қызыққа бастаған.
Ойымды сен орай бердің,
Жақын тартып басқадан.
Сан алуан сұлу көрдім
Төңкере көз тастаған.
Арулары рулы елдің
Жетпейді екен тап саған.
Өмірге еркін кіре бердім
Сырын еркін ашпаған.
Жүрегімде жүре бердің –
Тамылжытып асқақ ән.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қала көрдім, дала көрдім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қала көрдім, дала көрдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қала көрдім, дала көрдім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қала көрдім, дала көрдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері