Төбелер – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Төбелер» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2415
Төбелер,
Төбелер,
Шығатын қарттар
Ел қамын ойланғанда,
Төбелер,
Төбелер,
Шығатын жастар
Ауылда той болғанда.
Төбелер,
Төбелер,
Шығатын палуандар,
Бәйгі алып,
Топты жарып,
Тұратын қарауылдар.
Дұшпан көрсе,
Белгі беріп,
Отты жағып.
Төбелер,
Төбелер,
Ерттеулі ат секілді.
Төбелер,
Төбелер,
Өрт тілді
Қарт секілді.
Төбелер,
Төбелер,
Ескі үйлердің орыныңдай,
Тарихтың
Көшпелі тобырыңдай.
Төбелер,
Төбелер,
Атандай шөгіп қалған.
Төбелер,
Төбелер,
Тұрасыңдар әр уақыт
Атамдай шығып алдан.
***
Күн жарығын сіміріп дала жұтып,
Ашық аспан барады қарауытып.
Әлденеге дүние ауыр тартып,
Көңілсіздік басады жан ауыртып.
Бәрі тыншу айнала төңіректің,
Көк шымылдық келеді желбіреп түн.
Асқар таудан асады қып-қызыл от,
Жанарына жас толып елжіреп күн.
Бұл не деген, білмеймін, көңілсіздік,
Тұр аспанда, өліктей өмірсіз бұлт.
Жел ұшпайды, жапырақтар шуламайды
Басып алған маңайды тек үнсіздік


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төбелер өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Төбелер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төбелер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төбелер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері