Мен дайынмын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мен дайынмын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2080
Жетектесін күн мені
Сәл көрінген нұрына.
Құшып жарты дүниені,
Шашырайды шұғыла.
Бұлттар, мені басташы
Биік таулар шыңына.
Қарық қылып тасташы
Ашылмаған сырына.
Құстар, мені шақыршы,
Биік самғап шығайын.
Бал қызыққа батыршы,
Ғажаптарды ұғайын.
Бұлақ, саған ерейін,
Жүгіре бер, тоқтама.
Көрмегенді көрейін,
Көп жерлерді бетке ала.
Соқа төсін тілмеген
Тыңдарға да жетейін.
Дән не екенін білмеген
Қырлардан да өтейін.
Жолдары жоқ сайраған
Белдерге де барайын.
Қаласы жоқ жайнаған
Жерлерге де қарайын.
Аралап, бел-белестің
Көрсем-дағы қандайын,
Қоян жүрек емеспін,
Қорықпаймын,
Мен дайын!
Жолдар, жолдар,
Бас алға,
Жерлерге апар тым алыс.
Адамдармен қашанда
Бірге болу – қуаныш.
Адамдармен бөлісем
Шаттығымды, мұңымды.
Еңбек етсем ел үшін –
Бақыт деп ұқ мұнымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен дайынмын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мен дайынмын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен дайынмын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен дайынмын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері