Кітап жаршысы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кітап жаршысы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5311
Бақытты мына заманда
Кітапқа құмар бар кісі.
Маған да керек, саған да
Қызықты «Кітап жаршысы».
Қадалар отты жанарың,
Кітаптің көп сәндісі.
Бәрінің беріп хабарын,
Келеді «Кітап жаршысы».
Шығарма әрбір, әлбетте –
Сан қилы өмір талқысы.
Айтады соны әр бетте
Кәдімгі «Кітап жаршысы».
Роман, дастан, повестер...
Қайсысы нәрлі, мәндісі?
Сол жайлы жақсы кеңестер
Береді «Кітап жаршысы».
Оқитын болса қол үзбей,
Бала ма, мейлі шал кісі,
Танымды терең теңіздей
Береді «Кітап жаршысы».
Қанатын қағып, әрине,
Секілді сұлу таң құсы,
Қонақтай берсін әр үйге
Қадірлі «Кітап жаршысы».
*«Кітап жаршысы» кітаптар жарнамасының газеті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кітап жаршысы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кітап жаршысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кітап жаршысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кітап жаршысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері