Сен ұмытқан шақтарда

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1402
Сен ұмытқан шақтарда
Сағынышты күн кешкем.
Жалғыз қалып бақтарда
Мұңмен ғана үндескем.
Жолдар анау шақырған,
Жатқан таулар құлазып.
Таңды бірге атырған
Құр қиялдар құрасып.
Сен келмеген кештерде
Жұлдыз тыңдап жырымды.
Сырымды ұқпай еш пенде,
Түндер сылқып бұрымды.
Сен тұратын қалада
Көктем өңі естілген.
От сезімді арада,
Қалайша мен кеш білгем?
Кеудем үміт толатын
Күндер қалып шерменде.
Арман қолға қонатын
Сені көргім келгенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен ұмытқан шақтарда өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Сен ұмытқан шақтарда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сен ұмытқан шақтарда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен ұмытқан шақтарда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері