Құдағи тілегі

Бұл бетте «Құдағи тілегі» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1690
Жарығым, құтты болсын орамалың,
Бұл тілек арман сөзі бар ананың.
Жанымды сары майдай балқытады,
Мөлдіреп анда-санда қарағаның.
Жұлдызым , құтты болсын шаңырағың,
Сол болсын кие тұтып, табынарың.
Аулыңнан қырық құдам ұзағанда,
Босағаң болсын іздеп, сағынарың.
Құлыным, құтты болсын елің, енді,
"Бақ құсы бізге қонған" деді, сені.
Өз әкең еркелетіп қойған атқа
Бұл елде "келін" аты телінеді.
Алтыным, құтты болсын жерің, енді,
Бақытсыз — жаңа жұрттан жерінеді.
Жақсының қадамына гүл бітеді,
Шыққаның — іздеп тапқан теңің еді.
Сыйладық қайын елін күйеу жанға,
Болғайсың, айналайын, сүйеу — жанға.
Аяғын азаматтар тең басады,
Ошақтың үш бұтындай тіреу барда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құдағи тілегі өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Құдағи тілегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құдағи тілегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құдағи тілегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері