Өлең, жыр, ақындар

Мұңды да ая

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 566
Тілегім ақтық өзіңнен сұрар –
Көңілім, тоқта, тоятта.
Талығып келіп көз ілген шығар,
Ұйықтасын, мұңды оятпа!
Бере ме Тәңір тілегін әр күн,
Болғанмен пенде жылауық.
Сағыныш буып жүдеді бәлкім,
Мұңды да ая бірауық.
Өзіне тиіп өзінің еркі,
Тынықсын түнде мүлгіген.
Саябыр тапсын сезімнің дерті,
Жүректің ішін үңгіген.
Меселі қайтып, сынбасын сағы,
Қадірін білу керек қой.
Оянып кетіп жүрмесін тағы,
Әлдиле оны бөбектей.
Жанымды сол ғой жегідей жейтін,
Қуалап жүріп түбінде.
Дертімді кім бар менің емдейтін,
Өзіңнен басқа бүгінде?
Ырқыма көнген не қыл десем де,
Қиямын кімге жақсымды?
Мазасыз көңіл, дамылда сен де,
Қуыра бермей апшымды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайран күндер-ай!

  • 0
  • 0

Тай­-құлындай ойнаған,
Ой, ойнаған!
Тамашаға тоймаған,
Таң атқанша тойлаған,

Толық

Жалғыз көкек

  • 0
  • 0

Ұшасың, жалғыз көкек, тау күзеткен,
Таңғалып тағдырыңа жалғыз өткен.
Сен едің аңыздағы ерке сұлу,
Ғайыптан құсқа айналып мәңгі кеткен.

Толық

Өлең-естелік

  • 0
  • 0

Жан едің жібек мінез, майда қоңыр,
Жан аға, сенен де өтті-ау қайран өмір.
Сыздайды сыр алдырып жүрек, шіркін,
Түскенде жақсы күндер ойға небір.

Толық

Қарап көріңіз