Байланыс торабы

Бұл бетте «Байланыс торабы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 888
Iздейтұғын қала менен даланы,
iздейтұғын көне менен жаңаны
бағанасыз, сымсыз-ақ
дүниемен кеткен мәңгi жалғасып
бүкiл денем –
Байланыстар торабы.
Қалмайды ол бiр сәтке де iркiлiп,
тұрады ол шулап, шалқып, сiлкiнiп.
Өн бойынан өткiзiп
үнiн,
мұңын,
сағынышын әлемнiң
жатады ол жұмыс iстеп күн-түнi.
Дүрлiктiрiп туған жердiң тау, тасын,
думан етiп табиғаттың ортасын
шаттық, қайғы,
махаббатпен ән тасып
келе жатқан тiзбек-тiзбек пойыздар –
мен арқылы өтетiн –
телеграммалардың лентасы.
Жапырақтан домаланған тамшының
үнiн аулап тұрады
менiң сезiм-талшығым.
Алаң болып тұрар санам, миым да,
хабарлардан құйылған
жақын менен қиырдан.
Дүниеден байланысты үзбедiм.
Жаңалықты,
жақсылықты iздедiм...
Маған ұшып келедi
көк аспанға көктем жазған сөйлемдей
тырналардың тiзбегi.
Маған жалғап қойған нәзiк шектерiн
қысым,
жазым,
күзiм менен көктемiм...
Қара түндi саусағымен түрткiлеп
белгi берiп жатады
жұлдыздар да көктегi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Байланыс торабы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Байланыс торабы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Байланыс торабы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Байланыс торабы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері