Зейнеткердің сөзі – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Зейнеткердің сөзі» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 4513
Келдім тағы. Келіп ем бұрындар да –
бұл заманда бастықсыз күнің бар ма?
Салмағы соған түскендей жер, халқының,
кердеңдейді күзетші жын ұрған ба?
«Төртінші рет кеп тұрмын, ей, жарқыным,
бастығыңа кіргізші, құныңды ал да!»
«Бастық қабылдамайды, барыңыздар!
Уақыты жоқ!»
Түрінен қарып ызғар,
босағаны баққаны ырылдады.
Шықтық ілбіп, шықпаған жанымыз бар.
Жақсы еді одан маңдайдан бір ұрғаны.
…Биліксізге әкімдік жол ашқан ба –
өзі – тақтың үстінде, көзі – аспанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері