Туа біткен қандай көрік – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Туа біткен қандай көрік» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 614
Туа біткен қандай көрік,
тамсанумен құрғады үн.
Тамыздағы таңдай болып,
тамылжып-ақ тұрғаның!
Жыл бойына жұрт үкілеп
жеке баққан құлындай.
Жанарыңа күлкі түлеп,
жәудіреген түріңді-ай!
Қарай-қарай көңілі ауып,
қара бассын дедің бе,—
бұлдырықтай омырауың,
қылдырықтай белің де.
Жүрсін деп пе ең дымы құрып,
үміті де үзілмей,
Еріндерің тұр үгіліп,
енді піскен жүзімдей.
Тасып аққан Іледейін,
толық қара бұрымың.
Қалай ғана жүдемейін,—
құрттың мені, құрыдым!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері