Өлең, жыр, ақындар

Қалай да ендi жан салып

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 675
Қалай да ендi жан салып
жол берместен жаулыққа
сақтау керек Жер шарын
амандықта,
саулықта.
Мекенi боп ерлiктiң
тұрған оны айналып, –
кетпесiн деп шашылып,
бойлық пенен ендiктiң
жiптерiмен байладық.
Жердiң тiрлiк,
мұңымен
бәрiмiз де жақынбыз.
...Бiр ел менен бiр елдi
телеграф сымымен
жалғастырып жатырмыз.
Созылған түу ұзаққа
шектер құсап дiрiлдеп, –
қос рельс құшақта
Жер шарым тұр бүгiнде!
Келер күнге жол сiлтеп,
әйтеуiр бiз құлшынып,
рельс сап,
сым тарттық
берiгiрек болсын деп
жер үстiнде тiршiлiк.
Сан ұрпақтар келесi
кетпесiн деп жiктелiп,
Жер шарының денесiн
шаңдып орап тастаған
тiршiлiктiң жiптерi,
тыныштықтың жiптерi.
Қорға оларды жан салып,
қырағылығыңды ұштап бiр
Аман-есен Жер шарын
кеңiстiктiң iшiнде
сол бiр жiптер ұстап тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түн, қысқы бақ ішінде

  • 0
  • 0

Келiп едiм күн нұры батқан шақта,
Манаурап маужыраған бақтар жаққа,
Кеңiстiкте iлiнiп қалатындай
Жауып жатыр аспаннан аппақ мақта.

Толық

Не боп кеттi дүние?

  • 0
  • 0

Дүние алжасты.
Елдер мен елдер
Бiрiн бiрi
Тозақтың iшiне тығып

Толық

Қалай байқамайсыңдар?!

  • 0
  • 0

Қалай байқамайсыңдар?! —
Мен кiлең
Бұлттың iшiнде жүрем ғой.
Жыласам,

Толық