Өлең, жыр, ақындар

Түнгі аэропорт

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 880
Азат болып бұл жерде сан ойлардан
сан тағдырға құнығып қарайды адам:
табысу мен қоштасу, күлу, жылау,
абыр-сабыр асығыс бар айналаң.
Ойладық бiз аспанды басты арман деп,
арман өзi аспаннан басталған деп,
ендi, мiне, бүгiнде армандарым
аспанға кетiп жатыр,
аспаннан кеп.
Аспан жайлы бұл жерде ой кешедi,
аспан тұман – десең жұрт қой деседi.
Аспан жаққа бұл жерде көзiн сүзiп,
аспан жақпен бұл жерде сөйлеседi.
Жетедi арман бұл жерде,
жетедi үмiт,
барлық адам дәл мұны кетедi ұғып.
Бiр самолет жұлдыз боп келедi ағып,
бiр самолет жұлдыз боп көтерiлiп.
Қарап мынау қаласы, даласына,
сiңiрiп ап сырлы ойды санасына, –
жиырмасыншы ғасырдың адамдары
келiп жатыр жұлдыздар арасынан,
кетiп жатыр жұлдыздар арасына.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Намысқа тиген күні

  • 0
  • 0

Қанша уақыт зар иледiм,
қиналдым.
Дедiм: ендi азат болдым,
жаңардым.

Толық

Шыдаған қанша сан мұңға

  • 0
  • 0

Шыдаған қанша сан мұңға,
томсарып үнсiз түйiлген,
глобус тұр алдымда
монтиған киiз үйiмдей.

Толық

Наурыз келді!

  • 0
  • 0

Наурыз келді!
Қара жер семіріп,
Бөгіп жатыр.
Темірхан Медетбек

Толық

Қарап көріңіз