Тағдыр

Бұл бетте «Тағдыр» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 871
Көшеден кезіктірдім бір бұралқы,
Соншалық аянышты мұңлы қалпы.
Көңілім алай­-дүлей бола қалды,
Боранға айналғандай күннің арты.
Қабысқан қос бүйірі үңірейіп,
Тастаған итаяқтай түбін ойып.
Секілді шүңет қасық сынап құйған,
Байғұстың көзі кеткен шүңірейіп.
Қолыңа жаутаң­-жаутаң телмеңдейді,
Қуғанға, зекігенге мән бермейді.
Ұрыдай тығып кеткен заты қалған,
Көрінген күресінге өңмеңдейді.
Үйге әкеп байлап едім қыңсылады,
Тарыдай көз жасы тұр ыршығалы.
Тамағын тойдырсам да тыншымады,
Жақпады жіптің мойнын қыршығаны.
Сұмдықтай көрінді оған мұндай шара,
Босаттым, көнбес тіпті жүндей саба.
Өз басын өзі сұрап алғандай боп,
Бүлкілдеп бара жатты бір бейшара...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағдыр өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Тағдыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағдыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағдыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері