Арыстары Алаштың – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Арыстары Алаштың» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4072
Ой сананы кейде тоқтық басқандай,
Өздеріңді сәл ұмытсам еске алмай.
Әруақтар алдында бұл күнә деп,
Бабаларым айхай салып ұрсардай.
Сілкінгендей найзағайдың отынан,
От кеудеме сендер сепкен алтын дән.
Желек жайып іздеріңнен көгеріп,
Келер күнге дауыс салып алқынған.
Азаттықтың жалғау үшін үндерін,
Бізге арнаған өмірінің бар демін.
Әлихан боп, ұранымыз Алаш деп,
Көз алдымда тұрасыңдар ерлерім!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері