Өлең, жыр, ақындар

Обалы кімге?

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 635
Алма ағаштарымды
Көгертпей, көктей солдырып
Қырқып жатыр.
Құртып жатыр.
Жасыл бағымды
Жүндей жалмап –
Жер жетпегендей! –
Осы жерге
Үйлер салмақ.
Адамдар-ау,
Обал ғой.
Бұл да бiр
Талау мен тонау ғой.
Түбiн
Тамырымен қосып
Қопарып тастадыңдар.
Өз қолдырыңмен өлтiрiп
Айдалаға –
Апарып тастадыңдар.
Ағаштар да
Балаларың мен
Балапандарың емес пе?!
Саусақтарымен
Құт көтерiп тұрған
Алақандарың емес пе?!
Өскендерiңдi
Неге өшiресiңдер?!
Өздерiңе өздерiң
Неше өшiгесiңдер?!
Айтып, айтып
Жанымды шүберекке түйiп
Сығымдап тұрмын.
Ұясын – жыланнан қорғаған! –
Бозторғайдай
Шырылдап тұрмын.
Бiрақ естiмейсiңдер! –
Тас кереңсiңдер!
Жерiнiң қанын сорған
Аш кенесiңдер.
...Бәрiбiр тыңдамай
Алма ағаштарымды
Тамырымен қопарып
Жұлып жатыр.
Көгертпей,
Көктей солдырып
Қырып жатыр.
Обалы кiмге?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еңбек

  • 0
  • 0

Бiледi, бiледi оны терлеп көрген,
терлесең кетер онда кернеп кеудең.
Адаммен бiрге туып басталады ол
талпыну,

Толық

Болашақ туралы

  • 0
  • 0

Бiреулер
«Болашағымыз нұрлы» деп
Лағып кетедi.
Сол сөздерiмен

Толық

Азалы үйде болған оқиға туралы ой

  • 0
  • 0

Ажал-сұмның түсiп суық назары,
таусылды ғой тағы бiр жан базары...
Азаматсыз қалған ендi мынау үй
қайғы, мұңнан қара киген азалы.

Толық