Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Рухтандыру

Бұл бетте «Рухтандыру» атты Әмір Әлім жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жел мүжіген дарақтай бұғанасын,
Қилы сыннан қисайып құлағасын.
Қай ісіңнен өмірде сабақ алып?
Қай ісіңе өкініп, қуанасың?

Жалқаулыққа жықтырмай жігеріңді,
Қарекет қыл түріп ап білегіңді.
Қаперсіз, қамсыз жатсаң қол қусырып,
Кім орындап береді тілегіңді?

Жігіттің ақыл болса жолдасы анық,
Кедергілер жолыңда болмас анық.
Талапсыздық, кедейлік, жігерсіздік,
Еріншектің артынан қалмас анық.

Есті адам мардамсу дан қашқақтайды,
Ессіз адам биікпін деп асқақтайды.
Адам жаны қаншалықты кішік болса,
Соншалықты ұлықпын деп төс қақпайды.

Адам ары қанша төмен шүйіледі,
Танауы көкке сонша шүйігеді.
Жүрегімен жете алмаған биігіне,
Тұмсығын жеткізбек болып шүйіреді.

Ақылы пәс, өресі көктен биік,
Жүрген жандар жорға мініп, шекпен киіп,
Шолжаңдай, шонжарсынған көп байлардың,
Дүние мүлкі бір сәтте кеткен күйіп.

Еңбек етсе ерінбей аш қалмақ кім?
Бақыт тіле қанындай қасқалдақтың.
Қошеметті қаласаң, іс қыласың,
Басынан аспайтұғын бас бармақтың.

Сұңқар барма қанаты бүгүлмеген,
Түлпар барма тұяғы сүрінбенен.
Ащы барма ас-суы бұзылмаған,
Тәтті барма татымы бүлінбеген.

Өмір заңы бірде бақ, бірде қайғы,
Тағдыр жолы,
Кім шалдығып, тайғымайды?
Арманы айқын, мүлдесі анық адам ғана,
Жетпек болған мақсатынан айнымайды.

Тауқыметің таптаса да табаурын ғып,
Армандарға жасау керек қадамы нық,
Табаныңа тағдыр - тікен қадаса да,
Табысқа жету жолы табандылық!

Көнбесең де айтқаныма, көнсең мейлі,
Сенбесең де өзінің біл, сенсең мейлі.
Төрткіл дүние тұтқасын ұстасаң да,
Бақыт деген байлық пен өлшенбейді.


Әмір Әлім


Пікірлер (2)

❤ Жансая ❤

Шынымен де өмір заңы бірде бақ, бірде қайғы....

Ер Жан

әдемі

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рухтандыру өлеңінің авторы кім?

Әмір Әлім — осы өлеңнің авторы.

Рухтандыру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Рухтандыру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әмір Әлім өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рухтандыру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер