Әкеге сағыныш

Бұл бетте «Әкеге сағыныш» атты Мейірхан Назерке жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Әке, әке, келші қайта маған,
Қалай ғана сені қайтара алам?!
Өзіңді алып кеткен соң, амалым не,
Тағдыр менен жсады қайсар адам.

Сағынышым, маздайды жүрегімде,
Өзің едің асқар тау, тірегім де.
Бала болып ойнақтап, еркін күліп,
Еркелей де алмаймын білегіңде.

Өмірде бар сенгенім өзің едің,
Еш қиындық, қайғыны сезінбедім.
Мәңгілікке жүрердей ойлаппын ғой,
Сағыныштан кей түнде көз ілмедім.

Түсім болғай деп тілеп Жаратқаннан,
Үміт күткем үздігіп әр атқан таңнан.
Уақыт емші емдесе жүрегімді,
Алға ұмтылам , тасада қарап қалман...


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкеге сағыныш өлеңінің авторы кім?

Мейірхан Назерке — осы өлеңнің авторы.

Әкеге сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкеге сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мейірхан Назерке өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әкеге сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері