Немерелерiме – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Немерелерiме» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 700
Немерелерiм Iңкәр мен Нұриланың мектепке баратын күнi жазылған өлең

Құлдыраңдаған
Құлыншақтарым-ай!
Желмен желбiреген
Тұлымшақтарым-ай!
Омырауымнан төгiлген
Бұлақтарым-ау,
Жанымнан өсiп шыққан
Құрақтарым-ау.
Iшiмде жанып тұрған
Шырақтарым-ау.
Әлiппелер мен
Әрiптерiңдi арқалап
Кетiп барасыңдар!
Құлыншақтарым-ау, –
Күнi ертең-ақ! –
Биiк-биiк белеске
Жетiп барасыңдар...
Тоңы қалыңдау
Жерiңдi жiбiтiп –
Гүлiм боп өсiңдер!
Жолы ауырлау
Елiңдi ерiтiп
Тiлiм боп өсiңдер.
Әумин!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері