Өлең, жыр, ақындар

Қайтейiн, қолымнан келмейдi

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 797
Қазағымның
Жүретiн жолының бәрiне
Айдың сәулесiн төсеп
Жарық етiп қояр ем;
Олардың бәрiн
Алысқандарын алып ұратын –
Бәйтеректей! –
Алып етiп қояр ем.
Қайтейiн, қолымнан келмейдi.
Бiр-бiр ақша бұлтты
Аспаннан аударып алып –
Әрқайсысының басына! –
Жастар ем;
Қотан-қотан
Қойларының үстiне
Бозторғай жұмыртқалатып
Тастар ем.
Қайтейiн, қолымнан келмейдi.
Әрбiрiне
Бозкөде жеген
Боз бие әкелiп
Сояр ем;
Шөмiштерiн
Сорпаға малтықтырып,
Қасықтарын
Балға батпақтатып
Қояр ем.
Қайтейiн, қолымнан келмейдi.
Көңiлiмнiң суын –
Жұрттың мейiрiн қандыратын! –
Көл етер ем;
Төменiн –
Ханның баласы
Именiп зорға шығатын
Төр етер ем,
Қайтейiн, қолымнан келмейдi.
Көкiрегiн керген
Алпауыттардың алдында –
Талтайтып! –
Тұрғызып қояр ем;
Табалдырығы күмiс,
Босағасы алтын
Сарайлардың iшiне –
Шалқайтып! –
Кiргiзiп қояр ем.
Қайтейiн, қолымнан келмейдi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шаттанғанда

  • 0
  • 0

Шаттандым!
Шалшықтың өзi
Тұңғиық терең боп кеттi.
Жаңқаңның өзi

Толық

Қиялдағы бақытты күн

  • 0
  • 0

Бүгiн мен
Дүниеге симай
Шалқып тұрмын.
Қорғасындай ерiп,

Толық

Өтініш

  • 0
  • 0

Қозғама менi, қарағым!
Менi қозғасаң
Мұз сөгiлiп
Сең қозғалады.

Толық

Қарап көріңіз