Күз – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Күз» атты Фариза Оңғарсынова жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 26.01.2022
  • 0
  • 0
  • 4117
(аударма)

Күз ерекше сәндендіріп бау, жайды,
көңілді де сабыр, үміт жалғайды.
Ащы-түщы татып өмір дәмдерін,
сонда-дағы бермей жүрген әрлі өңін
күз - байсалды келіншектен аумайды.
Өмір - ғажап. Құстай ұшып барады,
көрдік талай қуанышты, наланы.
Күздің ойы
терең, әрлі жамалы,
қолы да ашық —
мырзалыққа жол берген
мүмкін жақсы, жаманды да көргеннен.
Күздің молдау берері мен алары.
Жан жылуы, мейірімі — таңғы арай,
таңғы арайдың өтетінін аңдамай
қаламыз ба...
Күндер неге зулайды?
Ойлануға мұрша бермей бұл жайлы,
қапелімде қысы келіп қалмағай!

МҰХАМЕД ӘЛИ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері